RU
Шағымдана берем: Қит етсе, арыз жазып табысқа кенелген ер адам кім? (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Шағымдана берем: Қит етсе, арыз жазып табысқа кенелген ер адам кім? (фото)

Рассказать Вконтакте

Әркім түрліше ақша табады. Бірі кешке дейін тер төгіп, бастығының айқайына шыдап жүреді. Ал кейбірі өзінің ойлау қабілетінің арқасында қомақты қаражатқа кенеліп жатады. Ондай адамдар өздігінен үлкен табыс әкелуге қауқарлы жүйе құрастырып алады. Солардың бірі Крис Оуэен есімді азамат деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Ұлыбритания азаматы өз мемлекетінде аса танымал тұлғалардың бірі. Крис Оуэнді көпшілік кәсіби арызданушы ретінде біледі. Ол өзіне жақпай қалған мекемелерге шағым түсіру арқылы қомақты қаржыны қиналмай-ақ тауып отыр.

Крис тамақтану немесе киім алуға барған жерлерінде өзіне ұнамай қалған тұстар бойынша компанияларды сотқа беруді кәсіпке айналдырған. Оның көңілінен шыға қоймағандар міндетті түрде белгілі мөлшерде айыппұл төлеп жатады.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Алайда, ол айыппұлдардың мөлшері аз сомманы құрағанымен, жылына 20-дан астам арыз жазатын Крис үшін ол үлкен табысқа айналған.

Толассыз шағым түсіру арқылы ол жұмыс та істемейді. Өйткені айыппұлдар есебінен төленетін ақшаның жылдық мөлшері оған жеткілікті болған.

Ұлыбритания азаматының мұндай арызшыл болуына басынан өткен әділетсіз оқиғалар түрткі болса керек. Криске қатысты талай компаниялар мен фирмалар дөрекілік танытқан.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

"Үйге жиһаз алдырғанымда сынық, жағдайы нашар диван мен төсек алғаным бар. Ол кезде де үндемедім, алайда, басқа жиһаздарда бұзулы күйде екенін көргенім - мен үшін соңғы сынақ болды.
Содан бастап мен өзіме сыйласымдық танытпайтындарға дәл солай әрекет етіп, олардың дөрекілігінен табыс табуға бел будым" , - деп айтты Крис.
Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Оған қоса ер адам бұл істі отбасылық кәсіпке айналдырып алған. Ол арыз-шағым жазуды тіпті, туған әкесіне де үйретіп қойды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір