Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қымбат шөпті жеп қойған бір үйір есек сотталып кетті

Опубликовано:

Үндістанның Джалаун қаласында қымбат шөпті жеп қойған бір үйір есек сотталып кетті. Олар төрт күнге түрмеге отырғызылған. Бұл туралы NUR.KZ порталы zoobusiness.kiev.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Есектер. Көрнекі фото: zoobusiness.kiev.ua
Есектер. Көрнекі фото: zoobusiness.kiev.ua: UGC

Аға офицер есектерді тұрғынның шағымынан кейін түрмеге тоғытуды ұйғарған.

Белгілі болғандай, жануарлар тұрғын отырғызған қымбат шөпті рұқсатсыз жеп қойыпты.

"Есектің қожайыны оларды тоқтатуға әрекеттенбегесін, біз есектерді түрмеге қамап қоюды жөн санадық", - дейді тәртіп сақшылары.

Жануарларды аяп кеткен жергілікті саясаткерлердің бірі оларды төрт күннен кейін кепілақы төлеп, босатып алыпты.

Еске салсақ, бұған дейін Германияда қымбат көлікті сәбізбен шатастырып, тістеп алған есек сот алдына келген болатын.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1734811-kymbat-spti-zep-kojgan-bir-jir-esek-sottalyp-ketti/

pixel