RU
Сәкен Майғазиевтың қасиетті Рамазан айында төртінші перзенті дүниеге келді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сәкен Майғазиевтың қасиетті Рамазан айында төртінші перзенті дүниеге келді

Рассказать Вконтакте

Қасиетті Рамазан айында Сәкен Майғазиевтің төртінші перзенті дүниеге келді. Әншінің жұбайы Алматы қаласындағы перинаталдық орталықтың бірінде үшінші қызын дүниеге әкелген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото әншінің instagram парақшасынан алынды

Фото әншінің instagram парақшасынан алынды

Туыстарының сөзінше, ақ халаттылар әншінің жары Динараға кесар тілігімен жоспарлы түрде 7 маусымда ота жасап, босандыруы керек болатын.

Алайда денсаулығы сыр беруіне байланысты оған шұғыл түрде ота жасалып, кесар тілігімен аман-есен сәбиін бауырына басқан.

Ал әншінің өзі төртінші перзентінің дүниеге келгенін туған ауылы Созақ жерінде естіпті. Сәкен Майғазиев туған бауыры Романмен бірге ел аралап, концерт беріп жүр.

Айта кетейік, әншінің Әділет есімді ұлы, Раяна мен Мәриям есімді қыздары бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
3
45
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір