Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай жеті жігіттен аулақ болғаныңыз абзал?

Опубликовано:

Психолог-мамандар нәзік жандылардың қандай жеті жігіттен аулақ болуы керектігін анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы asn.in.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жанжал. Көрнекі фото: FB.ru
Жанжал. Көрнекі фото: FB.ru: UGC

1. Әйелқұмар жігіттер

Ол уақыт өте келе өзгереді деген ойдан аулақ болыңыз. Әдетте әйелқұмар жігіттердің табиғаты оңайлықпен өзгере қоймайды.

2. Маскүнем жігіттер

Оның жаман әдетінен арылғанын күтемін деп жүріп, өміріңізді талқандауыңыз мүмкін. Себебі, ондай жігіттер әдетте нәзік жандыларға қол көтеруден тайсалмайды.

3. Анасының дегенінен шықпайтын жігіт

Егер анасы жақсы адам болса, бұның еш зияны жоқ. Алайда бәрі бірдей жақсы бола бермейтінін де ұмытпау керек.

4. Өтірікші жігіттер

Өтірік айтуға әдеттенген адам сізді кез келген уақытта сатып кетуі мүмкін екенін ескеріп жүргеніңіз абзал.

5. Есеймеген жігіт

Ондай жігітке өмір-бақи қамқор болып, әйелі емес, анасына айналуға әзір болыңыз.

6. Ойынқұмар жігіт

Ақшаның қадірін білмей, бәрін ойынға құртып жіберетін жігітпен сіңірі шыққан кедейге айналуыңыз ғажап емес.

7. Жалқау жігіт

Жалқау жігітпен отбасылық өмірде күнде жанжалдасып жатуыңыз мүмкін. Себебі, оның қол қусырып отырғаны сізге ұнай қоюы екіталай.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1734825-kandaj-zeti-zigitten-aulak-bolganyyz-abzal/

pixel