Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзгеге кетіп қалған күйеуіңізді қайтарудың жеті амалы қандай?

Опубликовано:

Күйеуіңіздің көңілі өзгеге ауып, сізге суып кеткен болса, мамандар ұсынған жеті тәсілді қолдану арқылы сезімді қайта оятуыңызға болады. Бұл туралы NUR.KZ порталы asn.in.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қос ғашық. Көрнекі фото: KakProsto.ru
Қос ғашық. Көрнекі фото: KakProsto.ru: UGC

1. Өзіңізді өзгешелеу ұстаңыз

Әйелі өзгере бастағанын байқаған ер адамның оған қайта назары түсетіні анық. Көп жігіттердің эмоционалды әрі құбылмалы қыздарға ғашық болып жататыны да осыдан.

Егер сіз күйеуіңіздің айтқанынан шықпайтын адам болсаңыз, керісінше дегенін орындаудан бас тартып отырыңыз. Егер оған бұрын-соңды жылы шырай танытпаған болсаңыз, керісінше жылы лебізіңізді сездіріңіз.

2. Күйеуіңізге ұмытылмас әсерлі түнді сыйға тартыңыз

Еріңізге төсек қатынасында ерешке ләззат сыйлау арқылы да сезімді қайта оятуға болады.

3. Қызықты іспен айналыса бастаңыз

Белгілі бір қызығушылығы, мақсаттары бар әйелдерді ер адамдар ерекше сыйлайды. Сондықтан, ең алдымен өзіңізді шыңдай түсудің жолдарын іздеңіз.

4. Сырт келбетіңізге көбірек мән беріңіз

Ер азаматтар үшін әйелінің құлпырып, сәнді бола түскені ерекше қуаныш сыйлайды.

5. Жаңа таныстықтарға жол беру

Өзге жігітпен күйеуіңіздің көзіне шөп салыңыз демейміз. Алайда өзге ер азаматтардың да сізге қызығушылығы барын байқату арқылы күйеуіңізге қымбат екеніңізді сездіріңіз. Еріңіз тым қызғаншақ болса, бұл тәсілді абайлап қолданған абзал.

6. Күйеуіңізді жаңа белестерді бағындыруға ынталандыру

Еріңізге қандай да бір өтініш айтудан ұялмаңыз. Олар әдетте сіз үшін жақсылық жасаса, өзін жақсы сезіне бастайды. Оның қолынан бәрі келетінін сездіртетін бірден бір адам сізсіз.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1734830-zgege-ketip-kalgan-kjeuiizdi-kajtarudy-zeti-amaly-kandaj/

pixel