RU
Атышулы Еркін Ізбасар 15 жылға сотталуы мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Атышулы Еркін Ізбасар 15 жылға сотталуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында "Төрт ағайынды" ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы cөзін қорытындылады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Еркін Ізбасар

Еркін Ізбасар

"Құлмашев эпизодында бопсалау фактісі қаралды. 2010 жылдың наурыз айында "Төрт ағайынды" қылмыстық тобының мүшесі Тұржанов пен Тонтаев жетекшісі Еркін Ізбасардың, оның көмекшесі Аухат Қалиевтің тапсырмасын орындап, Құлмашев пен оның отбасын қорқытты. Олар Хамитқызының алдындағы қарызы бар екенін айтқан. Барлығы 8 миллион 500 мың теңге болатын қарызды мүлік түрінді беруді талап етті. Құлмашев қорқып, Хамитқызының інісі Мұқановтың атына 2 бөлмелі пәтерді аударып берді. Сонымен қатар, КамАЗды Мұқановтың атына аударып, "Тайота Ланд Крузер" көлігін Тонтаев пен Тұржановқа тапсырды. Олар көлікті қылмыстық топ жетекшісі Еркін Ізбасарға берді", - дейді прокурор Айбек Шоқпаров.

Прокурор "Төрт ағайынды" қылмыстық тобының жетекшісі деп танылған Еркін Ізбасарды 15 жылға қамауды сұрады. Ал оның көмекшісі Аухат Қалиевке 14 жыл, Қалмұрат Қаликенге 13 жыл, Мұрат Тұржановқа 7 жыл, Нұрлыбек Тонтаевқа 7 жыл, Кәдіржан Пангерейге 12 жыл, Болатбек Бекетовке 9 жыл, Қайыргелді Ізтұрғановқа 5 жыл, Біржан Аманқұловқа 10 жыл, Нұрлан Ноғаевқа 9 жыл және облыстық ІІД басшысының бұрыңғы орынбасары Рахат Ахановқа 6 жыл сұрады.

Естеріңізде болса, Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2017 жылдың 5 желтоқсаны күні негізгі сот отырысы басталған болатын. Айыптау қорытындысына сүйенсек, Еркін Ізбасар бастаған қылмыстық топ 2003-2016 жылдары адамдарды бопсалап, мұнай ұрлығымен айналысқан. 26 адамнан құралған қылмыстық топтың 17-сі тергеу изоляторында отыр.

Сотта қазір айыптаушылардың қорғаушылары сөйлеп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
1
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel