RU
Алматылық полицейлердің шектен тыс жұмсақтығы жұртты таңғалдырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық полицейлердің шектен тыс жұмсақтығы жұртты таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының оқырманы редакцияға хабарласып, шектен тыс жұмсақ мінезді полицейді кездестіргенін айтып берді. Тәртіп сақшысы алкогольдік ішімдікке мас азаматтың балағат сөзіне ашуланбастан, сыпайы жауап берген.

Алматылық полицейдің шектен тыс жұмсақтығы жұртты таңғалдырды (видео)

Алматылық полицейдің шектен тыс жұмсақтығы жұртты таңғалдырды (видео)

Видеожазба авторы полицейдің сөзіне сүйене отырып, алкогольдік ішімдікке масайған азаматтың жерге құлап, маңдайын жарып ағанын айтқан. Куәгерлер жедел жәрдем шақырғанымен, жараланған ер адам оның көмегін қажет етпеймін дейді.

Ал полицейдің бұл орынға қалай тап болғаны белгісіз. Дегенмен автордың айтуынша, тәртіп сақшысы мас адамның өзіне қарсы шабуылдап тұрғанына қарамастан, онымен жұмсақ сөйлесіп, жазалауға талпынбаған.

Алматылық полицейдің шектен тыс жұмсақтығы жұртты таңғалдырды (видео)

Алматылық полицейдің шектен тыс жұмсақтығы жұртты таңғалдырды (видео)

"Мас азамат полицейді балағаттап, оны жұдырықтамақ болды. Ал тәртіп сақшысы оны итеріп қойып қарап тұр. Төбелескіш кісі мұнымен де қоймай, полицейдің рапортын жыртып тастады. Бірақ ол бұл әрекетке де жұмсақ жауап берді. Тіпті алкоголь ішкен адамды әкесіндей құрметтеп, көліктеріне отырғызды", - дейді алматылық азамат.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
1
1
2
14
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір