RU
Оралда жол жөндеген жұмысшылар талдың түбін де асфальттап тастаған
Жаңалықтар Қоғам

Оралда жол жөндеген жұмысшылар талдың түбін де асфальттап тастаған

Рассказать Вконтакте

Оралда жол жөндеген жұмысшылар жасыл желекті түбіне дейін асфальттап тастаған. Енді тұрғындар көп жылдық ағаштар шіріп кетеме деп алаңдап отыр. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Видеодан скриншот

Видеодан скриншот

"Бұл дұрыс емес. Тым құрығанда суғаратын жер қалдырмаған ғой. Ертең бәрі өліп қалады. Не деген сауатсыз, жауапсыз адамдар", - дейді Орал қаласының тұрғыны Людмила Твеленева.

Оралда жол жөндеу жұмысы қызып тұр. Биыл 50 көшені қалыпқа келтіру жоспарда бар. Алайда кей мердігерлердің салақтығы тұрғындарды шошытуда. Олар жол жиегіндегі талдарды түбіне дейін асфальттап тастапты.

Халық шулаған соң ағаштарды құтқаруға тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының қызметкерелері жетті. Бірақ қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Ал жасыл желекті жойып жібере жаздағандар, енді ағаштың түбіндегі асфальтты кесіп екі жұмыс істеп жүр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
0
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір