RU
Шымкентте алаяқ адамдардан ақша ұсақтап беруді өтініп, жалған банкнот таратқан
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте алаяқ адамдардан ақша ұсақтап беруді өтініп, жалған банкнот таратқан

Рассказать Вконтакте

Шымкент тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін қамауға алынды. Ол көшедегі жолаушылардан ақшаны ұсақтап беруді өтініп, жалған банкноттар беріп отырған. Бұл туралы өңірдің Ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Тұрғындардың бірі полицияға хабарласып, сәуір айында бір азаматқа 20 мың теңгені ұсақтап бергенін айтқан. Алайда кейінірек ол қағаз ақшаның жасанды екенін байқайды.

Алаяқтық дерегі бойынша тәртіп сақшылары күдіктіні табады. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шыққан.

Белгілі болғандай, азамат бірнеше адамды осы айласымен сан соқтырып, оңай олжа түсіріп жүрген. Жәбірленушілердің барлығына келтірілген жалпы шығын 80 мың теңгеге жуықтайды.

Аталмыш іске қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір