RU

Алматыда кәсіпкерді өлтірген қылмыскерлер 15 жылға сотталуы мүмкін

Алматыда кәсіпкер өліміне қатысты екі айыпталушы 15 жылға сотталуы мүмкін. Марқұм болған азамат Бек Түрекеевтің қаладағы караоке-барына бірлесіп қожалық еткен. Бұл туралы Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: bizbi.ru
Көрнекі фото: bizbi.ru: UGC

Мемлекеттік айыптаушы екі қылмыскерді 15 жыл бас бостандығынан айыруды, тағы бір бойжеткенді 12 ай бостандығын шектеу жазасын сұрап отыр.

Айта кетейік, қоғамда үлкен дау тудырған адам өлтіру оқиғасы өткен жылдың күз айында орын алған болатын. Кәсіпкерді "Досытқ Плаза" сауда ойын-сауық орталығының маңында мерт қылған.

Осы іске қатысты сот алдында екі жігіт пен бір бойжеткен жауапқа тартылып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734864-almatyda-ksipkerdi-ltirgen-kylmyskerler-15-zylga-sottaluy-mmkin.html