RU
Жамбыл облысында үш баласын жалғыз өзі бағып отырған мүгедек жан жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Жамбыл облысында үш баласын жалғыз өзі бағып отырған мүгедек жан жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысында арбаға таңылып, үш баласын жалғыз өзі бағып отырған әке жәрдем сұрайды. Денесінің жарты бөлігі жансызданып қалған азаматты жары да тастап кеткен деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Сағынай Асилов ұлдарымен. Скриншот 31 арна

Сағынай Асилов ұлдарымен. Скриншот 31 арна

Сағынай осыдан үш жыл бұрын жол апатына түсіп, жұлынына зақым келген. Өз бетінше жүріп-тұра алмайтын азамат шиеттей бала-шағасын көзі-тірісінде аяққа тұрғызғысы келеді.

"Мен осы отырғанымнан, ауырғанымнан қиналам. Бала-шағамның жанында болып, аяққа тұрып, осыларды жеткізсем деймін. Алайда соны орындай алмаймын ба деп қорқам", - дейді Мыңқазан ауылының тұрғыны Сағынай Асилов.

Өзгенің көмегінсіз жүріп тұра алмайтын жігіт ағасының қолында үш бала бар. Бойда қуат болғанмен, дәрмені жоқ азамат отбасын қайта қолына алғысы, аяққа тұрғысы келеді. Бірақ жалғыз жәрдемақыны балалардың дәм-суынан жырып, ем алуға мүмкіндік жоқ.

Кемтар жарын өткен жылы келіншегі тастап кетіпті. Бұрын имам болған Сағынай жағдайына жасымайды. Дәрігерлер Астанаға барып ем алса, аяққа тұруына мүмкіндік мол депті.

Сондықтан қасиетті Рамазан айында қайырымды жандардың табыларына үміті зор.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
2
10
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel