RU

Анасының қабіріне барған жігітті найзағай соғып өлтірді

Әзірбайжанның Масаллин ауданында анасының қабіріне келген 27 жастағы жігіттің үстіне найзағай түсті. Салдарынан ол емханада тіл тартпай кеткен. Бұл туралы oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Найзағай. Көрнекі фото: oxu.az
Найзағай. Көрнекі фото: oxu.az: UGC

Белгілі болғандай, Моллаоба ауылының тұрғыны Гасанов Фарид Хазар оглудың (1991 жылғы) үстіне найзағай түскен сәтте ол зират басында ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған.

Жігіт төрт күн бұрын қайтыс болған анасының зиратына ағасы Гасанов Эльсевар Асланмен келген екен.

Зардап шегуші емханаға жеткізілгеніне қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады. Ал жігіттің ағасы тек жеңіл жарақаттар алған.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734880-anasyny-kabirine-bargan-zigitti-najzagaj-sogyp-ltirdi.html