RU
Қызылордалық азамат 25 жыл отасқан жұбайына бір бүйрегін берді
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Қызылордалық азамат 25 жыл отасқан жұбайына бір бүйрегін берді

Рассказать Вконтакте

Қызылорда тұрғыны Нұрбек Нұраддин екі бүйрегі де істемейтін әйеліне донор болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: gtrk-saratov.ru

Көрнекі фото: gtrk-saratov.ru

Белгілі болғандай азаматтың 25 жыл отасқан сүйікті жары екі жылдан астам уақыт бері бүйрек ауруының зардабын тартып келген екен.

Еліміздің көптеген дәрігерлеріне қаралып, дертіне шипа іздегенімен ем қонбаған. Нәтижесінде дәрігерлер бүйрек ауыстыру қажет екенін айтқан.

"Мамандар менің ағзамды зерттеді. Бүйрегім ауыстыруға жарайтынын білгенімде қатты қуандым. Қазір денсаулығым жақсы. Ешқандай ауырлық сезінген жоқпын. Аллаға шүкір, ота сәтті өтті. Ең бастысы, өмірлік жарымның жағдайы түзеліп келеді", - дейді Нұрбек Нұраддин.

Бүгінде Нұрбек Нұраддин ауруханадан шығарылған. Жақын күндерде әйелі де Алматыдан Қызылордаға қайтуды жоспарлап отыр

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір