RU

Көлік басқарған Сауд Арабиясы ханшайымы Vogue журналының мұқабасына шықты (фото)

Сауд Арабиясының ханшайымы Хайфа бинт Абдалла Аль Сауд жергілікті Vogue журналының мұқабасына көлік басқарған күйі шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы spletnik.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сауд Арабия ханшайымы. Фото: spletnik.ru
Сауд Арабиясы ханшайымы. Фото: spletnik.ru: UGC

Ханшайымның бұлай суретке түсуі жақында елде нәзік жандыларға көлік басқаруға рұқсат беретін заңның қабылдануымен байланысты болуы керек.

Хайфа ақ киім киіп, қызыл кабриолетке отырады. Шөл дала аясында түсірілген сурет журналдың жазғы санында жария болды.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734885-klik-baskargan-saud-arabiasy-hansajymy-vogue-zurnalyny-mkabasyna-sykty-foto.html