RU

Ақмола облысында жазға бір күн қалғанда әйел адам далада қатып қалды

30 мамыр күні Ақмола облысында қайғылы оқиға орын алды. Макинка ауылының тұрғыны қатты тоңып қалып, салдарынан көшеде қайтыс болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: 56nv.ru
Фото: 56nv.ru: UGC

Марқұмның денесін сол күні таңертең өзінің ауылдастары тауып алған.

Әйел адам Еңбекшілдер ауданының Макинка ауылының тумасы екені анықталды. Отбасын құрмаған әйел осы жалғыз өзі тұрыпты.

Қазір мамандар өлімнің себептерін анықтап жатыр. Сот сараптамасының нәтижелері әзірге дайын емес.

Жергілікті тұрғындардың сөзінше, әйел адам ішімдікке құмар болған. Бұл тәуелділігі оның жұмысқа орналасуына кедергі болған сыңайлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734886-akmola-oblysynda-zazga-bir-kn-kalganda-jel-adam-dalada-katyp-kaldy.html