RU

БҰҰ-ны Қырғызстандағы қыз алып қашу операциясы дүр сілкіндірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қырғызстандағы өкілдігі милиция бөлімшесінде қыз алып қашудың соңы қайғылы оқиғаға ұласқанына қатысты алаңдап отыр деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: minval.az

Көрнекі фото: minval.az

БҰҰ таратқан мәлімдемесінде қырғыз билігін қыз алып қашуды тоқтату үшін барлық шаралар қолданып, халықаралық келісімдер мен заңдардың орындалуын талап етеді.

"Мәжбүрлі некелер адам құқықтарын бұзып отыр. Бұл қоғамның дамуына кері әсерін тигізеді. Қыз алып қашу Қырғызстанның мәдениеті мен дәстүріне ешқандай қатысы жоқ. Бұл тек әлсіз адамдардың құқығын таптау", - деп есептейді ұйым.

БҰҰ мәліметінше, Қырғызстанда 24 жасқа дейінгі бойжеткендердің 13,8 пайызын мәжбүрлі түрде күйеуге береді екен.

Айта кетейік, 27 мамырда Шу облысы Жайыл ішкі істер бөлімшесінде 20 жастағы Бурулай Турдаалықызын алып қашқан жігіті пышақтап өлтірген.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
БҰҰ-ны Қырғызстандағы қыз алып қашу операциясы дүр сілкіндірді
Mailfire view pixel