RU
Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы екінші қарсыласы анықталды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы екінші қарсыласы анықталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің Ұлыбританияда өтетін екінші кәсіпқой жекпе-жегінде қарсыласы кім болатыны анықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Данияр Елеусінов. Фото: Sports.kz

Данияр Елеусінов. Фото: Sports.kz

BoxRec.com порталының мәліметіне сәйкес, оның қарсыласы 30 жастағы венгр боксшысы Габор Горбич (24-11, 14 КО) болмақ. Жартылай орташа салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылады.

Боксшылар 6 маусым күні Лондондағы York Hall ойын-сауық кешенінде, Лоуренс Околи-Люк Уоткинс жекпе-жегінің андеркардында қолғап түйістірмек.

Еске салсақ, Данияр Елеусінов 28 сәуір күні Нью-Йоркте өткен алғашқы кәсіпқой жекпе-жегінде америкалық боксшы Ноа Кидті нокаутпен жеңген болатын.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel