RU
Әлемнің үш дүркін чемпионы жол апатынан қаза болды
Жаңалықтар Әлемде

Әлемнің үш дүркін чемпионы жол апатынан қаза болды

Рассказать Вконтакте

Гір спорты бойынша Ресей мен Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы атанған Иван Мартыневич Омбыға қайтып келе жатқан жолда көлік апатына ұшырады. Ресейлік спортшы кезекті жарыстан алған жүлдесін туған жеріне апара жатқанда қайтыс болған деп хабарлайды vesti.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Фото: gazeta.ru

Фото: gazeta.ru

Гір спортының майталманы қайтыс болған көлікте одан басқа Константин Вараксин, Сергей Рысник, Данил Брюханов және Константин Кудинов іспетті спортшылар да болған. Олар ел ішіндегі жарысқа Омбының атынан барған болатын.

Санкт-Петербургтағы жарыстан жүлделі орындарға ие болған ер азаматтар әуежайға дейін де жете алмаған. Спортшылар отырған такси көлігі жол шетінде тұрған жүк көлігіне барып бір-ақ соғылыпты.

Оқиға салдарынан 68 келі салмақта қола жүлдеге ие болған Иван Мартыневич оқиға орнында жан тапсырды. Бүгін ол Омбыға келуі тиіс болған.

Жол-көлік апатының себеп-салдарлары әзірге белгісіз. Алайда, танымал спортшының бапкері бұл оқиғаға көлік жүргізушісінің ұйықтап қалуы түрткі болды деген болжам жасауда.

Күні ертең гір спорты дүлділінің денесі Омбыға жеткізілмек. Иван Мартыневичті туып-өскен жері Саргатск ауданындағы Хохлово ауылында жерлейді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel