Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы бір Ақбота: "Кешью" тобына жаңадан келген арудың кім екені белгілі болды (фото)

Опубликовано:

KeshYou тобынан Элизат есімді әнші кетіп, орнына топтың бұрынғы құрамында өнер көрсеткен Жұлдыз Өмірғали келетін болғаны жайлы хабарланған болатын. Алайда, көпшіліктің бұл ойы қате болып шықты. Күні кеше KeshYou топқа қосылған жаңа қызды таныстырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақбота Құрманғали. Фото: Instagram
Ақбота Құрманғали. Фото: Instagram: UGC

Бұл жайында топтың Instagram парақшасында айтылды.

"Ал таныс болыңыздар. Тобымыздың жаңа мүшесі - Ақбота Құрманғали", - деп жазылды парақшада.

Бойжеткен - "Қазақ аруы" байқауының қатысушысы.

17 жастағы жас әншінің өнерге басқан қадамына желі қолданушылары сәттілік тіледі.

"Жаңа қадамыңыз құтты болсын", "Сәттілік", "Өнер айдынына қош келдің", "Бұрынғы Ақботаның жолын қумасаң болғаны", "Алтын құрамды қайталай алсаңдар дұрыс болар еді", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1734898-tagy-bir-akbota-kesu-tobyna-zaadan-kelgen-arudy-kim-ekeni-belgili-boldy-foto/

pixel