RU
Атағың Мессидан ассын: Министр өз атынан Димаш Құдайбергенге сыйлық жасады
Жаңалықтар Қоғам

Атағың Мессидан ассын: Министр өз атынан Димаш Құдайбергенге сыйлық жасады

Рассказать Вконтакте

Димаш Құдайбергеннің Ақтөбедегі фанаттармен өткен кездесуде әншіге Мәдениет және спорт министрінің сыйлығы табысталды. Министр Димаштың да Лионель Месси сияқты елге келетін туристер санын артуына ықпал ететіне сенімді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Атағың Мэссидан ассын: Министр Димаш Құдайбергенге елшілік сертификатын сыйлады

Атағың Мэссидан ассын: Министр Димаш Құдайбергенге елшілік сертификатын сыйлады

"Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының атынан сыйлығым бар. Димаш Қазақстандағы ең танымал брендтердің қатарында. Месси әлем туризмінің елшісі атанды. Мен де бүгін сізге "Қазақстан туризмінің елшісі" деген сертификат табыстамақпын", - деді "Қазақтуризм" ұлттық компаниясының өкілі Рашид Күзембаев.

Сонымен қатар әншіге министрдің атынан елбасы қорының жинақтауымен жасалынған қазақтың қонақжайлығы мен дархан даласы бейнеленген альбом сыйланды.

"Әлемнің он еліндегі фанклуб жетекшілерінің қатысуымен алғашқы тур ұйымдастырылып жатыр. Димаш еліміздің патриоты. Ол әрбір концертінде жанкүйерлерін Қазақстанға шақырып отырады. Сол себепті бұл турдың үш әріпті "ААА" (Ақтөбе-Алматы-Астана) қалаларында ұйымдастыру тегін емес. Онда Димаштың жүріп өткен жолдары бар. Шараны ұйымдастыруға қолдау білдіргендердің қатарында

"Қазақтуризм" ұлттық компаниясы, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы, Ақтөбе облысының әкімдігі, "SCAT" әуе компаниясы бар. Бұл турдың болашағы үлкен болады деп ойлаймыз. Димаштың танымалдылығы күннен күнге артып келеді. Алғашқы турды демеушілердің көмегімен ұйымдастырсақ, туристер келесіде өз қаржыларына келетін болады", - деді Рашид Күзембаев.

Қазақстандағы адамның есімі берілген алғашқы туркомпания "Димаштың Отаны" деп аталады. Мамандар болашақта осы тур компаниясы арқылы туристер санын арттырмақ. Орта есеппен бір туристен кемі 1 миллион теңгеге дейін қаржы түсіруге болады екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
0
0
7
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel