RU

Басқа планеталаққа ұқсағысы келген жігіт енді жыныс мүшелерін алып тастамақшы

Америкадағы Лос-Анджелес қаласының жас тұрғыны Винни Oxx өзінің бала кездегі арманын іске асыру жолында қолынан келгенді аянбай істеп келеді. Өзге планеталық гуманоид сияқты болғысы келетін жігіт пластикалық оталарға 60 мың долларын сарп еткен. Алайда, осыған дейін жасалған бірнеше ота оған аздық еткен көрінеді деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Винни Oxx есімді визажист өзге планеталыққа ұқсауды кішкентайынан армандаған. Тіпті мақсатына қол жеткізу барысында ол сансыз операциялар жасатып та үлгерді.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Осы уақытқа дейін ол бірнеше отаға 60 мың доллар көлеміндегі қаржы жұмсаған. Дегенмен, орын алған өзгерістер оның көңілінен шықпаған көрінеді. Жігіт жасалған оперциялардың оның бейнесін әлі де қажетті деңгейде өзгертпегенін айтады.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Мұрны мен ернінің формасын өзгертіп, бетті кішірейтетін түрлі екпелерді қолданған Виннидің алдағы жоспары - жыныссыз адам болу. Яғни, ол алда жыныс мүшелерін алдыртып тастауды көздейді.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Дәрігерлер жыныссыз болудың аса қауіпті екенін жас визажистке қанша жерден түсіндіргенімен, оның ешкімді тыңдағысы жоқ.

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Желі қолданушылары жас жігіттің қылығын қатты сынға алып, оның түрінің қорқынышты кейіпке өзгергенін айтқан.

Виннидің отаға дейінгі түрі
Виннидің отаға дейінгі түрі: UGC
"Мен ешкімнің пікіріне құлақ аспаймын. Жыныссыз болғым келеді дедім ба? Боламын, алдағы уақытта" , - деп қысқа қайырды Винни.
Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Фото: fishki.net
Фото: fishki.net: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734914-baska-planetalakka-ksagysy-kelgen-zigit-endi-zynys-mselerin-alyp-tastamaksy.html