RU
Алматыға ем алуға келген тараздық ер азамат ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыға ем алуға келген тараздық ер азамат ұшты-күйлі жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Тараздағы Дихан ауылының тұрғыны Дауласов Қуаныш Алматыға арнайы ем алуға келген болатын. Алайда 30 мамыр күні ешкімге үн қатпастан сағат күндізгі үштер шамасында үйден шығып кеткен ер азамат қайта оралмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Алматыға ем алуға келген тараздық ер азамат үшті-күйлі жоғалып кетті

Алматыға ем алуға келген тараздық ер азамат үшті-күйлі жоғалып кетті

31 жастағы Дауласов Қуаныш Жамбайұлы Алматы қаласындағы Іле ауданына ем алу үшін барған. Бірақ 30 мамыр күні сағат 15:00-де шығып кетіп, үйіне сол қалпы оралмапты. Бүгін оның жоғалып кеткеніне үшінші күн толып отыр.

Ер азамат үстіне қара футболка, ала шолақ шалбар және қара түсті аяқ киім киген.

Қуаныш жүйке жүйесінің ауруына шалдыққан. Сол себепті аса ауыр дертті емдетуге Тараздан Алматыға келген болатын.

Туыстарының мәлімдеуінше, ер адам өз есімі мен ауылының атауын айтуы мүмкін. Тараз тұрғынының жақындары оны іздегемен жер қалмағанын айтты. Алайда, іздестіру шаралары әзірге нәтиже болмай отыр.

Егер сіз бір жерден Дауласов Қуанышты көріп қалсаңыз немесе ол жөнінде маңызды ақпаратты білсеңіз төмендегі нөмірге хабарласураңызыды сұраймыз.

8 777 091 60 57

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір