RU
Павлодар облысында шенділер жеңіс тұғырынан көрінген балаларды әтешпен қуантты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар облысында шенділер жеңіс тұғырынан көрінген балаларды әтешпен қуантты (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысында Марсель Эйланголи мен Илья Колесников есімді алты жасар балақайлар әкімдіктен айрықша сыйлықтар алды деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: tengrinews.kz

Фото: tengrinews.kz

Әкімдік тірі әтештерді балақайлардың спорт турниріндегі жеңістері үшін табыстаған.

"Мектепалды даярлық сыныбының оқушылары жекпе-жектен қалалық турнирдің жеңімпаздары атанды. Не сыйларымызды білмей, әтеш пен қояндарды қарадық. Әтеш дұрыс шығар деп, соны сыйладық. Үй құстарын сатып алуға жергілікті кәсіпкерлер көмектесті", - деді Павлодарское елдімекенінің әкімі Аждар Жусупов.
Фото: tengrinews.kz

Фото: tengrinews.kz

Оның ойынша, балалар да, ата-аналар мұндай айрықша сыйлықтарға риза болған.

"Мерекеден кейін маған Марсельдің анасы келіп, олардың шаруашылығында 20 тауық бар екенін, ал әтештің жоқ екенін айтты.. Бір жағынан - балаларға ермек, екінші жағынан - шаруашылыққа көмек. Жас жеңімпаздарымызды балалар күніне орай осылайша құттықтайық деп ойладық", - деді Жусупов.

Елдімекен әкімдігі басқа балақайларға түрлі сусындар мен тәттілер сыйлады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel