RU
Әйгілі Зидан "Реалдан" кетіп қалды
Жаңалықтар Әлемде

Әйгілі Зидан "Реалдан" кетіп қалды

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ғана Чемпиондар лигасының үшінші кубогін жеңіп алған Зинедин Зидан мадридтік "Реалдан" кетуге шешім қабылдады. Француз маманының бұл мәлімдемесі күллі футбол әлемін дүрсілкіндірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Мадридтік команданның бас бапкері қатарынан үш рет Еуропа чемпионы атағына ие болып, клуб тарихында тұрмақ әлем футболында бұрын-соңды болмаған дүниеге қол жеткізген.

Өзін мықты футболшы ретінде ғана емес, кәсіби бапкер рөлінде де тек үздік қырынан таныта білген Зизудың кету туралы шешімі барша футбол жанкүйерлері үшін күтпеген жағдай болды.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Аяқ-асты жасаған қоштасу баспасөз мәслихатында француз бапкері бұл шешімді әрең қабылдағанын айтты. Бірақ, бұл әрекетін тек қана "Реалдың" болашағы үшін жасадым дейді ол.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

"Бұл шешім ауыр берілгені сөзсіз. Мен бұл жанұядай болып кеткен командамен өткізген уақытым баға жетпес сәттермен толы болды. Сол аралықта маған қолдау көрсеткен барша ойыншыларға, президентке, жанкүйерлерге және клуб қызметкерлеріне алғысым шексіз. Реал менің өмірімнің клубы болып қалары сөзсіз. Мен мәңгі мадридистпін!
Менің кетуімнің себебі - команданың дамуы мен болашағы. Бұл керемет команданың ары қарай өсіп-өнуі мен жоғары деңгейде жетілуіне міндетті түрде жаңа серпін, жаңа ойлар, жаңа әдістеме мен көзқарас керек. Команда жеңістерінің кобеюуіне өзгерістер мен жаңашылдықтар өте қажет", - деп айтты Зизу.
Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Айта кетейік, "Реал" жаттықтырған екі жарым жылда Зинедин Зидан испандық Примераны, үш мәрте Чемпиондар лигасын, клубтар арасындағы екі чемпиондар лигасы н, Испания суберкубогі мен екі рет УЕФА суперкубогін жеңіп алды.

Жанкүйерлердің көпшілігі Зизудың керемет нәтижеден кейін кеткенін бәрібір де түсінер емес. Әлемнің барша мадридистерінің жүрегін жаралаған Зиданның болашақта клубқа қайта оралуына әбден мүмкіндік бар. Оны клуб президенті де растады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
5
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel