RU
Айдана Меденова дертімен күрескен балақайға бір миллион теңге аударды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Айдана Меденова дертімен күрескен балақайға бір миллион теңге аударды

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Айдана Меденова ауыр дертке шалдыққан Әлима Көпей есімді кішкентай балақайға бір миллион теңге көмек көрсетті. Әнші қайырымдылық жасау туралы біраз уақыттан бері ойлап жүрген деп хабарлайды NUR.KZ.

Айдана Меденова. Фото: Instagram

Айдана Меденова. Фото: Instagram

Бұл жайында әнші Instagram парақшасында жариялады.

"Біраздан бері жоспарлап жүр едім. Алланың қалауымен жүзеге асты", - деп жазды Меденова.

Ал желі қолданушылары қасиетті Рамазан айында қайырымдылықпен айналысып жүрген әншіге риза болды.

"Алла риза болсын", "Кішкентай балақайға көмектескенің дұрыс болды", "Алладан қайтсын", "Тойда аузын жыбырлатқан әншілерден әлдеқайда артықсың".

"Отбасыңыз аман болсын", "Тек жақсылық тілейміз", "Қасиетті айда осылай жасағаныңыз үшін Алла разы болсын", - деген оқырмандар алғысын жаудырды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір