RU

Әуретті жері жоқ бойжеткенге дәрігерлер балық терісінен жаңасын жалғап берді (фото)

Бразилияда 23 жастағы Жусилен Мариньо дүниеге әуретті жері жоқ күйінде келген. Жақында дәрігерлер оған балық терісінен жасанды жатыр жалғап беріп, бойжеткенді қуанышқа бөледі. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жусилен. Фото: life.ru
Жусилен. Фото: life.ru: UGC

Жусилен жеке өмірінде ешуақытта бақытқа кенелмейтініне көндіккен болатын. Алайда, ақ халаттылар өңделген балық терісін пайдалану арқылы оған жаңа жатыр жалғап берген.

Жусилен. Фото: life.ru
Жусилен. Фото: life.ru: UGC

Жатырсыз дүниеге келгенін 15 жасында бір-ақ білген ару бұл жайттан кейін оны жігіті тастап кеткенін есіне алды.

"Мен өмірімде бала көтере алмайтынымды естігенде, қатты жыладым. Өмірім аяқталғандай көрінді", - дейді ол.
Жусилен. Фото: life.ru
Жусилен. Фото: life.ru: UGC

Бойжеткенге дәрігерлер көмекке шығып, оған алғаш рет жатырдың орнына балық терісін жалғап көруді ұсынады. Ота сәтті өткеннен кейін, жатырсыз дүниеге келген тағы үш қыз дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Жусилен бір жыл бұрын өмірлік серігін жолықтырғанын айтуда. Ол жігіті екеуі енді еш кедергісіз төсек ләззатына бөлене алатынына бақытты екенін жеткізді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1734935-uretti-zeri-zok-bojzetkenge-drigerler-balyk-terisinen-zaasyn-zalgap-berdi-foto.html