RU
Алапат өрттен екі баланы аман алып шыққан сарбаздың ерлігі елді тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

Алапат өрттен екі баланы аман алып шыққан сарбаздың ерлігі елді тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы Көкжиек шағын ауданында өткен жылдың 28 шілдесінде болған алапат өрт тұрғындардың есінде. Тілсіз жау кезінде пәтерлердің бірінде екі баланың ажалына араша болған әскери қызметші оқиғаның қалай болғанын айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымжан Әлеуханов. Фото: 100esim.el.kz

Ғалымжан Әлеуханов. Фото: 100esim.el.kz

Балаларды құтқару үшін ойланбастан үйге кірген Ғалымжан Әлеуханов - 61993 десант шабуылдаушы бригадасының кіші сержанты. Сол күні үй маңынан өтіп бара жатқан ол өрт сөндірушілерге "балаларымызды құтқарыңыздаршы" деп жалынып тұрған ата-ананы көргенде намыстанған. Себебі "сонша адам тұрып, құтқара алмаймыз ба?" деген ой тұрды.

"Үстімдегі күртешемді бетіме орап алып өрт сөндіру баспалдағымен шатырға дейін шықтым. Шатырды аяқпен теуіп бұздым да өрт сөндіру қалқанын аштым. Қара түтін лап қойды, подъезд көрінбейді. Шоқ болып жанып жатыр. Үшінші қабатқа түстім. Есіктері бәрі ашық жатыр. 3-ші және 4-інші қабатта адам жоқ екен. Өзім де өкпем қысылып бара жатқан соң, арасында шатырға жүгіріп шығып демалып келемін. 5-қабатта бір пәтердің есігі жабық екен. Темірмен есікті бұзуға біраз уақыт кетті. Ашқан сәтте үйдің 85 пайызы жанып кеткенін көрдім.

Ефрейтордың айтуынша, пәтерден шығып бара жатқанда есінен танып қалған екі баланы көрген. Ваннадағы сүлгімен балалардың бірін арқасына таңып, екіншісін көтеріп алып, шатырға шыққан.

Ғалымжан Әлеуханов. Фото: El.kz

Ғалымжан Әлеуханов. Фото: El.kz

"Ешқандай ерлік жасағаным жоқ. Ананың шырылдаған көз жасы жүрегімді қатты тебірентті. Әскери өмірдегі физикалық дайындық балаларды аман-есен алып шығуыма себеп болған шығар", - деді сөзін жалғап әскери қызметші.

Ерлік жасаған Ғалымжан Әлеуханов ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір