RU
Чемпиондардың чемпионы: "Реал Мадрид" Зиданмен ерекше қоштасты (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Чемпиондардың чемпионы: "Реал Мадрид" Зиданмен ерекше қоштасты (видео)

Рассказать Вконтакте

Күні кеше ғана Зинедин Зидан "Реалдан" кететінін мәлімдеген болатын. Өзін тарихта болмаған жетістіктерге жеткізген бапкерді мадридтік клуб ерекше шығарып салды. "Реал" өкілдері Зиданның болашақтағы барлық бастамаларына сәттілік тілеп, екі жарым жылда орын алған баға жетпес сәттерінен әсерлі видеоүзінді жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Мадридтік клубтың ресми сайтына жүктелген бір минуттық видеода Зинедин Зиданның "Реалдағы" ең жарқын әрі есте қаларлық сәттері бейнеленген.

Фото: eurosport.ru

Фото: eurosport.ru

Зизудың құрметіне жасалынған бейнеүзіндіде Чемпиондар лигасының үш финалындағы ерекше сәттері, сонымен бірге футболшылар мен бапкердің қызықты әрі қуанышқа толы оқиғалары көрініс тапты.

Видеоның әсерлілігі барша футбол жанкүйерлерінің көңілінен шықты.

Айта кетейік, осыған дейін Зиданның мадридтік клуб бапкерлігінен кеткені жайлы хабарлаған болатынбыз. Ол "Реалдан" өз еркімен кеткен алғашқы жаттықтырушы болды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
2
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір