RU
Назарбаевқа сөз беріп, қазақ азаматынан екі бала сүйіп отырған орыс қызы кім? (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаевқа сөз беріп, қазақ азаматынан екі бала сүйіп отырған орыс қызы кім? (фото)

Рассказать Вконтакте

Елбасыға қазақ жігітіне тұрмысқа шығамын деп сөз берген орыс қызы уәдесінде тұрып, екі баланың анасы атанып отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Юлия Дробязка

Юлия Дробязка

ОҚО тұрғыны Юлия Дробязка осыдан 13 жыл бұрын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа күллі жұртшылық алдында қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақ халқының санын арттыруға өз үлесін қосуға уәде берген. Ол бұл мәлімдемесін елбасының облысқа жасаған сапары аясындағы жастармен кездесуінде айтқан еді.

Бойжеткеннің бұл тілегі қабыл болып, ол бүгінде қазақ шаңырағының ибалы келіні атанып отыр.

Киелі Отырар ауданына келін боп түскен орыс қызы бұл туралы Шымкентте өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалының кезекті сессиясында айтты.

"Мен кең-байтақ қазақ даласын Отаным деп білетін орыс қызымын. Бүгінде берекелі қазақ отбасының түтінін түтетіп отырған инабатты келін әрі екі баланың ардақты анасымын.

2005 жылы бүкіл ел алдында президентке болашақта қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, қазақтың санын көбейтуге уәде бердім. Елбасының алдында сөз сөйлеп, уәде беру - үлкен мәртебе әрі жауапкершілік болса, оны орындау мен үшін мерейлі міндет деп білдім.

Міне, бүгінде сол уәдемде тұрып, қазақ жігітіне тұрмысқа шықтым. Жолдасым – қазақ. Балаларым - қазақ. Өзім де қазақ боп кеткенмін. Отырардағы үлгілі келіндердің санатындамын", - деді орыс қызы.
Назарбаевқа сөз беріп, қазақ азаматынан екі бала сүйіп отырған орыс қызы кім? (фото)

Назарбаевқа сөз беріп, қазақ азаматынан екі бала сүйіп отырған орыс қызы кім? (фото)

Сонымен бірге, Юлия Дробязка қазақ шаңырағына келін атанудың басты ерекшелігін де атап өтті.

"Қазақтың келіні болу – керемет, ең бастысы – ағайын-туыстардың көптігі.

Отбасымызбен қазақ, орыс мейрамдарын атап өтеміз. Өзара қазақ-орыс тілдерінде сөйлесеміз", - деген келіншек облыс әкімі Жансейіт Түймебаевқа қазақтану бойынша арнайы бағдарлама қабылданса деген тілегін де жеткізді.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
0
4
16
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel