RU
64 жыл бойы жинаған қыруар қаржысын балаларға бере салған қария елді сүйсінтті (фото)
Жаңалықтар Әлемде

64 жыл бойы жинаған қыруар қаржысын балаларға бере салған қария елді сүйсінтті (фото)

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Айкино елдімекенінде 85 жастағы Евгений Попов 64 жыл бойы жинаған миллион рубль ақшасын балаларға арналған әлеуметтік-оңалту орталығына сыйлады деп хабарлайды Комсомольская правда басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Евгений Попов. Фото: Комсомольская правда

Евгений Попов. Фото: Комсомольская правда

Қария қаражатты 1954 жылдан бері, яғни Айкино елдімекенінің мектебіне тарих мұғалімі болып жұмысқа тұрғаннан бастап жинай бастаған. Онда ол өз өмірінің 40 жылын сарп еткен.

Басында Евгений Попов ақшаны себепсіз жинапты. Кейін ол осы ақшаға үй сатып алғысы келген. Осыдан 30 жыл бұрын арманын іске асырмақ болған қарияның ақшасы жетпей қалған екен. Сол сәттен бастап қария өзінің жоспарларын орындаудан бас тартса да, ақша жинауды доғармаған.

Евгений Попов. Фото: Комсомольская правда

Евгений Попов. Фото: Комсомольская правда

Нәтижесінде, 2018 жылдың қаңтарында қария бар жиған-тергенін Гам-Яг елдімекенінің "Гаврош" кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтік-оңалту орталығына берген. Орталық ғимаратының өте нашар күйде тұрғанын ол аудандың газеттен білген.

"Маған ештеңе керек емес. Менде өзіме қажеттінің бәрі бар", - деп жауап берген ол қызығушылық танытқан жандарға.
Евгений Попов. Фото: Комсомольская правда

Евгений Попов. Фото: Комсомольская правда

Орталықтағылар қарт кісінің жасаған ерлігіне таңғалып, алғысын жаудыруда.

"Сенесіз бе, біз Евгений Васильевичпен таныс емеспіз. Ол кісі жайлы біліп, қонақ болып қайтатынбыз. Келесі жолы ерікті ретінде барып, көмек қолын созамыз деп шештік. Ал қайырымды жанның берген ақшасына жиһаз, компьютер аламыз", - деді орталық директоры Надежда Асташкова.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel