RU
Алматыда өршіген менингококк инфекциясы Қызылордаға жетті
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Алматыда өршіген менингококк инфекциясы Қызылордаға жетті

Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында менингококты инфекцияның жұқтырған алғашқы адам тіркелді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Иллюстрациялық фото: azh.kz

Иллюстрациялық фото: azh.kz

1991 жылы туылған ер азамат 31 мамырда аудандық ауруханаға жатқызылды. Аталған жағдайға байланысты облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан штаб құрылып, жұмысын бастады. Қазіргі таңда облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандары Жаңақорған ауданында жұмыс жүргізуде.

Ошақтағы эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары ұйымдастырылуда. Науқаспен қарым-қатынаста болған 11 азамат анықталып, бақылауға алынды. Аудандық аурухана қызметкерлері үй-үйді аралап, сырқат жұқтыруы мүмкін азаматтарды анықтау және тұрғындарды ақпараттандыру шараларын жүргізуде.

Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының арнайы бұйрығымен менингококты инфекцияның алдын алу және ерте анықтау шаралары облыс көлемінде ұйымдастырылуда.

Менингококты инфекция сырқат адамнан ауа және тамшы арқылы таралады. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау, халық көп шоғырланған ортадан сақтану, бетперде қолдану өте маңызды. Сақтанудың тиімді жолдарының бірі - вакцинация. Алдағы уақытта №6 қалалық емханада егу жұмысы ұйымдастырылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
2
2
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір