RU
"Ерігіп жүрген жоқпын": Әуелбекова неліктен 600 мыңға қолғап сатып алған?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Ерігіп жүрген жоқпын": Әуелбекова неліктен 600 мыңға қолғап сатып алған?

Рассказать Вконтакте

Әнші Мөлдір Әуелбекова жақында ғана 600 мыңның қолғабын сатып алған болатын. Әлеуметтік желіде әншінің тек бокс қолғабын алғаны жарияланғаны болмаса, не үшін бұлай жасағаны жазылмаған еді. Әуелбекова елдің "еріккен" деген сөзінен шаршап, өз ісінің түпкілікті мақсатын түсіндірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Әуелбекова. Фото: Instagram

Әуелбекова. Фото: Instagram

Өзіне сын таққан тыңдармандарына әнші Instagram парақшасы арқылы жауап қайтарды.

"Мына мәселенің нүктесін өзім қоймасам ушығып барады. Мен жуырда Атырауда өткен Бақтияр Артаев бастаған "Астана арланс" боксшылары бәйгеге түскен жарыста қонақ болдым.

Қайырымдылық мақсатында аукцион өтетінін естіп, ойда жоқта қатысып, Шымбергеновтің қолғабын 600 мың теңгеге сатып алдым.

Рас! Игі істерімді жасырын жасап жүрген адаммын. Бірақ, дәл осындай жазбамен суретті сайттар таратып жіберді. Дегенмен, халық турасын оқымай, "ақшасы тасыған жұлдыздар. Одан да сырқат балаларға бермей ме?" деп ауыр сөздер айтуда. Осы менің жазбама да солай жазатындар табылады.

Мен де ет пен сүйектен жаралғанмын. Ерігіп жүрген жоқпын. Аукционда менен басқа адамдар алды қолғаптарын. Шүкір. Есесіне 7 миллион теңге жиналып, мұқтаж жандар мен Алтай Көпейдің еміне аударылды.

Оразада өзімізді тамақпен ғана емес, ауыз бен жүрекпен де тыйсақ екен", - деді әнші.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
5
0
1
22
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel