RU
Назарбаев: ОҚО-да еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін де пара беру керек
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев: ОҚО-да еден жуушы болып жұмысқа тұру үшін де пара беру керек

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаевқа жер телімдері мен халықты жұмысқа тұрғызу кезінде жемқорлыққа жол бермеу қажеттігін айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

Президенттің айтуынша, мәселені қазірден бастап қолға алмаса, ертеңгі күні ол тіпті ушығып кетуі мүмкін.

"Сіздер қазірден бастап адамдарды дайындай бастамасаңыздар, олар ертеңгі күнге көштен кейін қалады. Әсіресе жұмысқа тұру барысында ешқандай өкпе-назға жол бермеу керек.

Менің білуімше сіздерде тіпті еден жуушы болып қызметке тұру үшін де пара беру керек. Басқа облыстарда ондай жоқ, тек Оңтүстік Қазақстан облысында осылай", - деді президент.

Елбасы бұл ретте әкімшілік кедергілерді жою мен қызметтерді цифрландыру жүйесіне өткізуге баса мән беру қажеттігін қадап айтты.

"Сондықтан егер сіздер ашық түрде жұмыс жасамасаңыздар, әсіресе бұл қағидатты жер телімдерін бөлуде, мектепке жұмысқа қабылдау кезінде, емхана мәселелерінде ұстанбасаңыздар, көштен қалып қоясыздар.

Әрине халық саны көп, жұмыссыздық деген тағы бар, бірақ осының бәрін дер кезінде шешу керек", - деді Елбасы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel