RU
Назарбаев шенділерден ештеңе ұрламай, әркімге тиесіліні беруді талап етті
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев шенділерден ештеңе ұрламай, әркімге тиесіліні беруді талап етті

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Республикасының президенті бес әлеуметтік бағытты ұстанған "7-20-25" жобасының іске асуы жайлы баяндама жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев.

"Біз, бірінші кезекте, пәтерлерді баспанасы мүлдем жоқ жастар алғанын қалаймыз. Баспанасы барлар одан да үйлерін жаңартсын. Ақша тауып, дамытып, жаңасын сатып алсын.
Ал біз бұл шараны үйі жоқ адамдарға істеп жатырмыз. Әйтпесе бұл жобамаз қарабайыр болып қалмақ", - деді президент "Нұр Отан" партиясының кеңейтілген жиналысында.

Елбасы айқандай, ипотекалық кредит жылына жеті пайыздық мөлшерлемемен берілмек.

"Кім біледі, егер жақсы жұмыс істесек, бұдан да төмен істерміз. Осыған дейін алғашқы төлем жалпы құнның 50 пайызын құрайтын, қазір 20. Бүгінде арзан бағада төлеу үшін несие уақытын 25 жылға создық. Алдында 10 жыл болатын", - деді ол.

"Пәтерақыны төлей келе кез келген адам банкпен есеп айырысқысы келсе, баспана толықтай оның меншігіне өтеді", - деді Назарбаев.

Президенттің айтуынша, осыны халыққа дұрыс түсіндіру керек.

"Қазір жастар да, мұғалімдер мен дәрігерлер де, мемлекеттік қызметкерлер де осы мүмкіндікті пайдалануға толықтай құқылы", - деп жеткізді өз ойын елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев баспана кезегі жайлы да пікірін білдіріп өтті.

"Біздің аудандар мен қалаларда әлі күнге дейін кезек бар. Осы біреу Германия, Франция, Америкадағы кезекті көріп пе еді? Жоқ. Себебі нарық заманында мемлекет ешуақытта тегін баспана бермейді", - деді ол.

Елбасы оған әлі күнге дейін Астанадан пәтер сұрап хабарласатын адамдардың көптігін де айтты.

Сонымен қатар, президент аз қамтылған қазақстандықтарға жалдамалы пәтер беруді ұсынды.

"Аз қамтылған отбасыларға жалға пәтер беріңдер. Пәтерақысын төлесін. Кезек күткен деген әңгіме болмау керек. Елімізде жайдан жай алып, бере салу деген заң жоқ", - деді елбасы.

"Қазір партиялықтар мен әкімдерден осы жайтты назарға алып, ештеңені ұрламай, әркімге өзіне тиесілісін беруді талап етіп отырмын. Адамдар да бұл бағдарламаға қосылып, жұмысын бастай берсін", - деп айтты мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, "7-20-25" жобасы елде бизнестің дамуына түрткі болатын ірі құрылыс науқанының басталуына жол ашпақ.

"Мен үнемі Америка өзінің Форд мырза бастаған автокөлік өнеркәсібін басқарсын деп айтамын. Ал біз баспана құрылысы мен ауыл шаруашылығы арқылы жетістікке жете аламыз, бірақ бұл - бөлек әңгіме", - деп түйіндеді өз сөзін мемлекет басшысы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
3
5
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір