RU
Назарбаев ОҚО-да зорланған бала туралы: Істі жабу үшін барлығын жасаған
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев ОҚО-да зорланған бала туралы: Істі жабу үшін барлығын жасаған

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Қазақстан облысында "зорланды" деп елді дүрліктірген жеті жасар бала мәселесі Қауіпсіздік кеңесінің отырысында көтерілді. Осыған қатысты президент Нұрсұлтан Назарбаев та пікір білдірді деп жазады NUR.KZ.

Фото: akorda.kz

Фото: akorda.kz

"Ел алдында айтамын, алдыңғы күні Қауіпсіздік кеңесімен өткен отырыста да айтқанмын: ОҚО-дағы баламен болған зорлау оқиғасында ешкім кінәліні тауып, оның нақты болғанын дәлелдей алмады.

Неге екенін білесіздер ме? Себебі туысқандар барлық жерде жіпке тізілгендей болып қызмет еткен. Полиция - туысы, құзырлы органдар - ол да туысы, істі тоқтатып қоюға барлық мүмкіндік болған", - деді Назарбаев.

Сондай-ақ президент мұның заң тұрғысында дұрыс еместігін айтып өтті.

"Біз барлығын бақылап отырсақ, заң неге бұзылады? Сол үшін сандық партия, сандық жүйедегі Қазақстан, сандық экономиканы жасадық - бұл біздің жолымыз", - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, осыған дейін ОҚО-да жеті жасар баланы жоғарғы сыныптың оқушылары еркінен тыс зорлап келген деген ақпарат тараған болатын.

Сондай-ақ баланы "зорлаған" мектеп оқушыларына қатысты ауыл тұрғындары өз шындығын айтып берген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
1
1
0
6
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel