RU

Желіде жарысып ән шырқаған анасы мен қызы хит болды (видео)

Бүгінде әлеуметтік желіде әнші Гүлмира Ізбасханованың анасымен ән орындап жатқан видеолары кең түрде таралып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Гүлмира Ізбасханова анасымен. Фото: Instagram
Гүлмира Ізбасханова анасымен. Фото: Instagram: UGC

Әлеуметтік желіне жай уақыт өткізу үшін пайдаланбай, өз пайдасына жарата білген өнерпаздар аз емес. Солардың бірі - танымал дауыс иесі Ізбасханова Гүлмира.

Оның желіде анасы Зүлфиямен бірге шырқаған әндері күн санап лүпіл мен қаралым жинауда.

Әнші анасымен Әбдіжаппар Әліқожаның "Махаббатсыз бұл өмірді кім сүрмек?" әнін орындап бір таңғалдырса, Ахан Отыншиевтің "Шудың бойында" әнін шырқап, көпшілікті сүйсінтті.

Желі оқырмандары "Күшті! Керемет!", "Жарайсыздар! Өнерлеріңіз өрге жүзсін" деген пікірлерін қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1735017-zelide-zarysyp-n-syrkagan-anasy-men-kyzy-hit-boldy-video.html