RU
ОҚО-да банкротқа ұшыраған кәсіпорынды қытайлықтар сатып алды
Жаңалықтар Қоғам

ОҚО-да банкротқа ұшыраған кәсіпорынды қытайлықтар сатып алды

Рассказать Вконтакте

ОҚО-да дағдарысқа ұшыраған кәсіпорынды шетелдік іскер азаматтар аукцион арқылы сатып алған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО-да банкротқа ұшыраған кәсіпорынды қытайлықтар сатып алды

ОҚО-да банкротқа ұшыраған кәсіпорынды қытайлықтар сатып алды

ОҚО Кентау қаласына қарасты Ашысай ауылындағы полиметалл комбинаты тоқырауға ұщырап, ұзақ уақыт жұмыс істемей тұрған. Жергілікті атқамінерлер кәсіпорынды аукционға сатуға қойған. Нәтижесінде алып зауытқа көз тіккен қытайлықтар 61 млн теңге инвестиция құйып, оны сатып алады.

«Қытайлық инвесторлар өндіріс қалдықтарын өңдейтін кәсіпорын ашу бағытында ОҚО-ды жұмыс істеуде. Олар былтыр банкте кепілдікте тұрған, банкротқа ұшыраған Ащысай полиметалл комбинатын аукционда 61 млн теңгеге сатып алды. Шикізатсыз өндіріс болмайды. Сондықтан бұл жағын да шетелдіктер қамтыған», -дейді Қытай инвесторларларының ОҚО-дағы өкілі Нысанбай Кенжебаев.

Қытайлықтар өндіріс орнының жұмысын жүргізу үшін Шымкент қаласындағы қорғасын зауытының жарамды қалдықтарын өңдеп, мырышын әлемдік нарыққа шығармақ.

Бірінші өңдеу өндіріс орны Бадамдағы индустриалды аймақтағы 15 гектарда орналастырылса, екінші өңдеу өндірісі- шахта пеші Кентау қаласына қарасты Ащысайда орналасады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
9
0
1
2
7
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір