RU
Мәскеуде қаза болған Томиристің анасы: Өмірге құштар қызымның өзін өлтіруі мүмкін емес
Жаңалықтар Қоғам

Мәскеуде қаза болған Томиристің анасы: Өмірге құштар қызымның өзін өлтіруі мүмкін емес

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде оқу орнының төртінші қабатынан құлап түсіп, ауруханада көз жұмған Томирис Байсафаның анасы желіде қызына арнап жан тебірентерлік жазба қалдырды. Қайғыдан қан жұтқан ана Томиристің "өмірге құштар әрі жан-жақты бойжеткен" болғанын айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото ашық дереккөзден алынды

Фото ашық дереккөзден алынды

Жанна Ахметова қапыда айырылып қалған бауыр еті баласына тағы да бір жазба арнап, көпшілікті жылатты. Ол онда "қызының өз-өзіне қол салуы мүмкін емес" екенін тағы да айтқан.

"Томирис менің тұла бойы тұңғышым, махаббатым, менің өмірімнің мәні де, сәні де еді. Ол орыс балабақшасында оқып жүрген жерінен өз еркімен қазақ мектебіне оқуға барған.

11 жыл бойы оқуда озат атанып, мектебін үздік бітірген еді. Томирис тілді меңгеруге әуестеніп, би, шыңға өрмелеу, бисер тоқу, домбыра, баскетбол сияқты үйірмелердің бәріне қатысқан-ды. Ол тіпті футбол да ойнайтын еді.

Орта мектепті бітіре сала, Мәскеудегі МГИМО-ға түсуге ниеттеніп, сол арманына өз күшімен қол жеткізді. Оқуға түсіп ондағы ұстаздарының да сүйікті шәкірті атанып үлгерген еді.

Оның бойында мейірімділік, әдемілік, еңбекқорлық, жауапкершілік сияқты асыл қасиеттердің бәрі үйлесім тапқан.

Жазғы демалысқа келгенде біздің және ата-әжесінің үйін тазалап кетпей көңілі тыншымайтын. Біз "үй күтушіміз сондай білімді" деп қалжыңдайтын едік.

Ол елі мақтан тұтатындай азамат болуға әбден лайық еді. Тіпті дипломдық жұмысын да жазып, бітіріп қойған-ды. Осындай өмірге құштар Томирисім бұлай суицид жасайды дегенге сенбеймін.

Мен осы туралы экстрасенспен де тілдескен едім. Ол оны терезеден біреудің әдейі итеріп жібергендігін, ондайға барғысы келмегенін айтты.

Тіпті Томирис жылап тұрып, ол жайлы "суицид жасады" деп айтпауларын да сұрапты. Расымен де өткенде ғана Томирис жылап жүрген кейіпте анамның түсіне кірген еді", - деп жазба қалдырған анасы.

Жазба соңында Жанна Ахметова осы күнге дейін қолдау көрсетіп, жанына табыла білген әр жанға деген өз алғысын білдірген.

Айта кетейік, Томирис Байсафа Мәскеуде төртінші қабаттан құлап, мерт болған еді. 3 апта өткен соң қазақстандық студент қыз ауруханада көз жұмған-ды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
9
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel