RU
Салқын маусым: Қазақстанға қашан жаз келеді?
Жаңалықтар Қоғам

Салқын маусым: Қазақстанға қашан жаз келеді?

Рассказать Вконтакте

"Казгидромет" мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, маусым айы жауын-шашын мен күннің салқындауынан басталған соң күн ысып, кейін қайтадан салқындыққа ұласады деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото.

Көрнекі фото.

Қазақстанның көп бөлігінде ауа-райының бұзылуы байқалады. Болжам бойынша, жауын-шашын болып, бұршақ түседі, найғазай ойнап, жел күшейеді.

Елдің батысы пен солтүстігінде, солтүстік-батыс пен орталығында түнде 2-10 градус жылы болып, арасында -2 дейін салқын болып, күндіз 10-20 градусқа дейін жылы болмақ.

Шығыста ауа температурасы түнде 3-10 градусқа дейін жылы, күндіз 12-20 градусқа дейін болмақ.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 7-15 градус аралығында, күндіз 17-25 градус нөлден жоғары болмақ.

Келесі аптаның ортасында, синоптиктердің болжамынша, жылы әуе массалары Орталық Азияның оңтүстік-батысынан Қазақстанға жылы әрі жазғы ауа-райын әкелмек.

Солтүстікте термометр таяқшалары 28 градусқа дейін көтеріліп, оңтүстік аудандарда 38 градус болмақ.

Айдың бірінші онкүндігінің аяғында мен екінші онкүндігінің басында және үшінші онкүндігінің соңында салқындықтың екі толқыны болады деп болжануда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
3
2
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel