RU
Маңғыстаудағы атақты мұнай компаниясында қайғылы оқиға орын алды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Маңғыстаудағы атақты мұнай компаниясында қайғылы оқиға орын алды (видео)

Рассказать Вконтакте

NUR.KZ порталының оқырмандары редакцияға хат жолдап, "Теңізшевройл" мұнай өндіру компаниясында екі қайғылы оқиға орын алғанын баяндады.

Видеодан кадр / YouTube

Видеодан кадр / YouTube

"Соңғы үш күннің ішінде "Теңізшевройл" компаниясында жоба бойынша жұмыс істеп жүрген екі адамның бірі қайтыс болды.

Ал екіншісі омыртқалары мен қабырғаларын сындырып, комада жатыр. Екеуі де DSL Caspian компаниясының жұмысшылары.

Олар "Ерсай" компаниясының өндірістік базасында жұмыс істеп жүрген. Ал DSL Caspian олардың қосалқы мердігері.

Азаматтардың биіктіктен құлау оқиғасы түнгі уақытта болған. Сондықтан олардың қалай құлағаны туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ", - дейді хат жолдаған оқырмандар.

Сондай-ақ, олар ауыр жарақатпен ауруханаға түскен 23 жастағы жігіттің жаз айында үйленгелі жатқанын да жеткізді.

Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі аталмыш оқиғаларға байланысты пікір білдірді.

"Кеше жүк тиегіш жұмысшыны басып кетіп, қайғылы жағдай орын алды. Оған себеп болған - көліктің жанында дабыл қаққыш болмаған. Сол себепті бұл іс қасақана өлтіру дерегі бойынша қаралмайды.

Екі күн бұрын монтаждаушы 10 метр биіктіктегі құрылыс сатысынан құлап кетті.

Күндізгі кезекшілік сатыны жөндеу жұмыстарын аяқтамағандықтан осындай жағдайға душар болған. Қазір ол комадан оянды. Бірақ жағдайы әлі де ауыр халде", - дейді Ішкі істер департаментіндегілер.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
8
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel