RU
Данияр Елеусінов: Головкиннен асып түскім келеді
Жаңалықтар Әлемде

Данияр Елеусінов: Головкиннен асып түскім келеді

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, 2016 жылғы олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) өзінің отандасы, орта салмақтағы WBA/WBC/IBF тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкиннің жетістігінен де жоғары межеге қол жеткізгісі келеді. Бұл туралы Sputniknews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Данияр Елеусінов: Головкиннен асып түскім келеді

Данияр Елеусінов: Головкиннен асып түскім келеді

"Головкин Қазақстанда өте танымал және адамдар Қазақстан жайлы айта бастағанда бәрі GGG-ді еске алады. Сондай болу - менің мақсаттарымның бірі.

Қазақстан туралы әңгіме болғанда менің атым аталғанын қалаймын. Головкин менің елімдегі барлық боксшыға есік ашып берді, бәріміз оның жолын қууды армандаймыз.

Алайда менің өз жолым бар, тіпті одан да зор нәтижеге жетсем бе деймін. Менің арманым – абсолютті, жеңілмеген әлем чемпионы болу.

Ең алдымен, өз елімді танытқым келеді, бұл менің алғашқы масатым, егер бәрі ойдағыдай болса, мен бұл деңгейде ұзақ уақыт боламын. Мен спорттың бұл түрін және өз жұмысымды жақсы көремін", — деп Sky Sports Даниярдың сөзінен үзінді келтірген.

Айта кетерлігі, 6 маусымда Лондонда Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізеді, оның қарсыласы венгер боксшысы Габор Горбич (24-11, 14 КО) болады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
3
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір