RU
Қарағанды тұрғындары су мен жарыққа жарымай отыр
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды тұрғындары су мен жарыққа жарымай отыр

Рассказать Вконтакте

Қала сыртындағы Үлкен Михайлов темір жол бекеті маңында тұратын жұрт қолайлы өмір сүру жағдайына мұқтаж болып отыр. 300-ден астам үйі бар ауданның тұрғындары су мен жарық атаулысын ұмытқан. Олар кеңес үкіметінен кейін мүлдем қараусыз қалғандарын айтып ашынуда деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Қарағандының сыртында басқалардан оқшау қалып қойған аудан су мен жарыққа жарымай тұр. Кішігірім аудан тұрғындары кеңес үкеміи құлағаннан кейін мүлдем қараусыз қалғандарын айтып әлек.

Үлкен Михайловта тұратын адамдар жақын маңдағы аялдамаға бару үшін үш-төрт шақырымды еңсеру керек. Оның үстіне ауыз суды тасып ішіп, жиі сөнетін жарық жүйесіне көнуге мәжбүр болып қалған. Өмір қолайсыздығынан әбден қажыған халық бұл күрделі мәселеге жергілікті әкімшілік өкілдерін кінәлауда.

"Біздің әкімдер ақшаны қалталарына басады да отырады, басқа бітіріп жатқан түктері жоқ. Тіпті жедел жәрдем келмейді. Масқара ғой мынау , не жол дұрыс емес, не свет жоқ. Қараңыздаршы әр үйде аппараттан тұр. Сенбесеңіз көріңіздер" , - деп жанайқайын жеткізді қала тұрғыны.
Фото: ktk.kz

Фото: ktk.kz

Аппарат деп тұрғандары – тоқтың қуатын толықтырып тұратын құрылғы. Ол болмаса үйдегі техника атаулысы істен шықпақ. Ал жарық беретін компания мұны жөндеуді мүлдем ойламаса керек.

Қалада тұрса да өркениет ырзығынан жұрдай тұрғындар өткелі жоқ теміржолдан өтуге де еттері үйреніп ақлғанын айтты.

Тұрғындардың бұл шағымына жергілікті әкімшілік өкілдері мәселені шешеміз деп құтылды. Олардың айтуынша, жақын арада бұл аудан көшелерінің желілері жаңартылып, жарық тұрақты түрде берілмек.

"Жолға қиыршық тас төсеуді көздеп отырмыз. Оған қоса, су мен жарықтың мәселесін де жылдың аяғына дейін біржақты қылмақпыз", - дейді Қарағанды қаласы тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы.

Алайда, Үлкен Михайлов халқы жыл сайын құрғақ уәделерден шаршағандарын айтуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel