RU
Қостанайда балабақшадан өз еркімен кетіп қалған бала жоғалып тынды
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда балабақшадан өз еркімен кетіп қалған бала жоғалып тынды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысына қарасты Қарасу ауылының балабақшасында келеңсіз оқиға орын алды. Мекеменің бір тәрбиеленушісі өз еркімен кетіп қалып, із-түзсіз жоғалып кеткен деп хабарлайды Alau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: alau.kz

Фото: alau.kz

Мекеме қызметкерлері балабақша аумағында бір тәрбиеленуші жетіспейтінін аңғарып, оның анасына хабарласқан. Тәрбиешілер баланың қайда кетіп қалуы мүмкін екенін сұрағанда әйел адам не деп жауап берерін білмей сасып қалды.

Зәресі ұшқан ата-ана жұмыстарын тастап, бірден ұлын іздеуге жөнелген. Абырой болғанда, балақай үйге өзі оралды.

Мекеме қызметкерлері баланың ән мектебінен балабақшаға келе жатқан жолда назардан жоғалып кеткенін айтқан болатын.

Алайда, бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлар оқиғаның мүлдем басқа нұсқасын көрсетті.

Анықталғандай, балақай киіну бөлмесіне кіріп, өз еркімен киініп балабақшадан шығып кеткен. Оның үстіне мекеме қақпасы ашық әрі қараусыз қалып қойды.

Ерлі-зайыптылар жергілікті білім басқармасына қызметкерлерінің салғырттығы жөнінде шағым түсірген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
1
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір