RU
Ресейдегі Қазақстан елшілігі Томирис Байсафаның ісіне қатысты мәлімдеме жасады
Жаңалықтар Қоғам

Ресейдегі Қазақстан елшілігі Томирис Байсафаның ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан елшілігі Ресейде қайтыс болған 21 жастағы Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс жөнінде мәлімдеме жасады. Мекеме өкілдері желіні шулатқан істің мән-жайымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Ресейдегі Қазақстан елшілігі өзінің ресми сайтына ауқымды мәлімдеме жүктеді. Мемлекеттік мекеме Мәскеуде қайғылы жағдайда қайтыс болған қазақстандық студент қыздың өліміне қатысты қозғалған істің мән-жайымен бөліскен.

13 сәуір күні МГИМО ғимаратынан қыздарының құлап кеткенін естіген ата-ана бірден Мәскеу қаласына шығатындарын хабарлады.

Келер күні Ресейдегі Қазақстан елшілігінің өкілі 21 жастағы студенттің ата-анасымен және тергеушімен арнайы жеке кездесу өткізді.

Іспен айналысып жатқан тергеуші бойжеткеннің курстасы Меджидовті бірден тергегендерін айтты.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

14 cәуір күні Томиристің ата-анасы оқу орнының басшылығымен кездесіп, оқиға орнын өздері жіті қарап шықты.

Екі күннен кейін тағы да тергеушімен кездесу болып өтті. Ол өз кезегінде ауруханаға барып, Томиристің өзінен сұрақ алғысы келгенімен, бойжеткеннің ауыр жағдайына байланысты тергеуші жұмысын атқара алмады.

20 сәуір күні елшілік өкілі аурухана басшылығымен екі ел арасындағы өзара келісім негізінде 21 жастағы студент қызға тегін медициналық қызмет көрсету жайлы мәселені талқылады.

Алайда екі апта өткен соң, үшінші мамыр күні Томирис Байсафа қайтыс болды.

Марқұмның анасы қызының құлаған қандай қалыпта құлағаны жөнінде сот сараптамасын талап еткен болатын.

Ресейдегі Қазақстан елшілігі Томирис Байсафаның ісіне қатысты мәлімдеме жасады

Ресейдегі Қазақстан елшілігі Томирис Байсафаның ісіне қатысты мәлімдеме жасады

"Ресейдің ішкі істер министрлігіне біздің тарапымыздан Томирис Байсафаның өліміне қатысты іске жан-жақты әрі әділ тергеу жұмыстарын жүргізу жөнінде үндеу жіберілген болатын", - деп айтты елшілік өкілдері.

Сот сараптамасы бойжеткен өлімінен бір күннен кейін жасалынды. Дәл сол күні 21 жастағы студенттің денесі Қазақстанға жеткізілген.

17 мамыр күні елшілік өкілі Мәскеудің Никулин ауданаралық тергеу бөлімінің тергеушісімен кездесу өткізді.

Мамандардың Қазақсатн және Ресей медициналық мекемелерінің шығарған нәтижелерін зертеуді бастап кеткені белгілі болды. Бұл күрделі үрдіс кемінде бір айға созылмақ.

Мәлімдемеде ресейлік тарап Қазақстан үндеуіне қолдау көрсетіп, барынша әділ тергеу жүргізетініне кәміл сендірген.

Алда енді дәлел мен дәйектер жүйесі жан-жақты қарастырылмақ. Оқу орнының неғұрлым көп тәлімгерлері мен ұстаздарынан оқиғаға қатысты мәліметтер жинақталу көзделіп отыр. Оған қоса, сырттағы бейнебақылау камераларындағы жазбалар анализі жасақталды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
4
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір