RU
Бүгін еліміздің басым бөлігінде 
ауа райы тұрақсыз болады
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады

Рассказать Вконтакте

Маусымның 2-сі күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Gismeteo

Көрнекі фото: Gismeteo

Синоптиктердің болжамынша, бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын жауып, күн күркірейді. Жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады. Тұман түсіп, бұршақ жаууы да ықтимал. Тек елдің оңтүстік-шығысында, шығысында және батысында ғана күн ашық болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с құрайды. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында жылдамдығы 30 м/с және одан аса күшті жел күтіледі, жекелеген аудандарында дауыл күтіліп, бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейіп, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде 23-28 м/с, жетеді, жекелеген аудандарында дауыл, шаңды дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін жетіп, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді, жекелеген аудандарында дауыл, шаңды дауылболып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 метр, кей жерлерінде 23-28 м/с дейін күшейеді. Жекелеген аудандарында тұман, дауыл соғып, бұршақ болуы мүмкін.

Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде түнде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, күндіз кей жерлерінде дауыр күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 17-22, екпіні 28 м/с жетеді, жекелеген ауданында бұршақ болуы мүмкін.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының, күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ал Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде топырақ бетінде -2 градуска үсік күтіледі.

Маңғыстау облысында, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel