RU
19 жастағы жігітті қағып өлтірген риддерлік шенеунік қызметінен қуылатын болды
Жаңалықтар Қоғам

19 жастағы жігітті қағып өлтірген риддерлік шенеунік қызметінен қуылатын болды

Рассказать Вконтакте

Көлікпен жас жігітті қағып өлтірген Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев қызметінен қуылатын болды. Ал сол көлікте болған Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаевқа тәртіптік кеңес мүшелері бұдан былай лауазымына лайықты болуын ғана ескертті деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Dela.biz

Көрнекі фото: Dela.biz

Кеңес отырысына қайғылы оқиғаға қатысы бар шенеуніктер келмеген. Өйткені Құрманбаев тергеу абақтысында отырса, Өскеменнің әкімі іссапармен Астанаға кетіпті. Кеңестегілер Бауыржан Құрманбаевты жұмыстан шығару туралы ұсынысты бірауыздан қолдады.

Егер кінәсі дәлелденсе, ол 5 жылға сотталуы мүмкін.

Ал Өскемен әкімінің Құрманбаевтың мас күйінде көлік жүргізуіне неліктен жол бергені жайлы тергеу құпиясына байланысты айтылмады. Істе көлеңкелі тұстар да бар. Себебі, жол апатынан кейін Өскемен әкімі сол көліктің рөліне отырып, оқиға орнынан із суытқан.

Апаттан қаза болған 19 жастағы жігіттің әкесі Қуат Тұмабаевтың әрекетті жіті тексерілсін дейді.

"Менің ойымша, Өскемен әкімінің де қылмысқа қатысы бар. Біріншіден, көлік тізгініне мас адамды отырғызған. Екіншіден қарасақ, менің баламды Бауыржан Құрманбаев соққан болса, неге ол сол көліктің рөліне отырып із суытпақ болды? Сұрақ көп", - дейді марқұмның әкесі Виктор Смольников.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
1
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel