RU
Екі бүйрегі де бірдей істемейтін бір топ мүгедек Әсет Исекешевке жанайқайын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Екі бүйрегі де бірдей істемейтін бір топ мүгедек Әсет Исекешевке жанайқайын айтты

Рассказать Вконтакте

Астанада қос бүйрегі бірдей істен шыққан бір топ азамат Әсет Исекешевтен көмек сұрап, әкімдікке барды. Тек арнайы аппарат арқылы кіші дәретке шыға алатын науқастар он жылдан бері баспана кезегінің жылжымай тұрғанына наразы деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Скриншот 31 арна

Скриншот 31 арна

Өздігінен дәретке шыға алмайтын жарымжан жандар Астана әкімдігіне Әсет Исекешев қабылдап, көмек берсе деген ниетпен оны арнайы іздеп келіпті.

Мемлекеттің бірінші топ мүгедектігіне беретін 50 мың теңгесіне күндерін әрең көретін науқас жандар, Астанадан пәтер жалдап тұру да қиындап кетті дейді.

Он жылдан бері тұрған баспана кезегі де жылжымайды. Сондықтан әкімдік жалға алатын пәтер берсе екен деп армандайды.

"Квартирадан квартираға қаңғып жүрміз. Емнен шығамыз, үйге барамыз, ақшамыз жетпей уайымдаймыз. Ең болмаса жалдамалы баспана болса", - дейді Қазбек Қонысбеков.

Мұң-зарын айтып келген кемтар жандарды қабылдаған шенділердің айтуынша, елордада жасанды бүйрек аппаратына тәуелді 300-ден астам науқас бар екен. Олардың барлығына баспана заң бойынша кезекпен беріледі.

Ал тегін дәрінің берілмеу себебін анықтаймыз деген уәдемен, науқастарды жылы шығарып салды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір