Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шаңырақ" оқиғасы бойынша сотталып кеткен жас жігіт 12 жылдан кейін бостандыққа шықты

Опубликовано:

Алматыдағы "Шаңырақ" қарсылығын ұйымдастырғандардың бірі деп сотталған Рүстем Тұяқов 12 жылдан кейін бостандыққа шықты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Рүстем Тұяқов "Шаңырақ" ісі бойынша ұзақ мерзімге сотталған төрт азаматтың ішіндегі ең жасы еді. Полиция мен тұрғындар арасында жер үшін болған қақтығыстан соң 14 жылды арқалаған Рүстем ол кезде 23-ке де толмаған жігіт еді.

12 жыл түрмеде отырып, 35 жасында жақындарымен қайта қауышып отыр. Оның шартты мерзімінен бұрын босап шығуына айыппұлдың толық төленуі мен тәртібі әсер етіпті.

2006 жылдың шілдесінде жерді заңсыз басып алды деген уәжбен үйлерді сүруге билік өкілдерінің жіберген арнайы жасағын қараша халық таспен атып, жаппай қақтығыс кезінде бір полицейдің үстіне белгісіз біреулер бензин құйып өртеп жіберген. Осы трагедиядан кейін 18 жылға сотталған Арон Атабек, 16 және 15 жылға қамалған Құрманғазы Өтегенов пен Ерқанат Тараншиев әлі түрмеде отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1735079-sayrak-okigasy-bojynsa-sottalyp-ketken-zas-zigit-12-zyldan-kejin-bostandykka-sykty/

pixel