RU
Павлодарда 73 жастағы қария із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда 73 жастағы қария із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодарда 29 мамыр күні таңғы сағат жетіде үйінен шығып кеткіп, қайта оралмаған 73 жастағы қария іздестіріліп жатыр деп хабарлайды pavlodarnews.kz -ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда 73 жастағы қария төрт күннен бері табыламай жатыр (фото)

Павлодарда 73 жастағы қария төрт күннен бері табыламай жатыр (фото)

Юлия Коришкованың айтуынша, күніне далаға төрт сағатқа ғана шығатын қарияның үйіне келмегеніне төртінші күн.

"Біз оны іздеп, қаланың ауруханалары мен мәйітханаларына хабарластық. Бірақ ол жерлерден таппадық. Мүмкін ол құлап, есінен танып жатқан шығар. Сондай-ақ полиция қызметкерлері мен еріктілер де іздестіруге шықты", - дейді Юлия Коришкова.

Петр Ткаченконың үстінде сұр күртке, сары түсті торлы жейде, ашық сұр түсті жемпір, жасыл түсті шалбар, қара аяқ киім, қолында сұр түсті металл сағат болған.

Туыстары зейнеткердің қайда жүргенінен хабардар немесе көріп қалған жандар болса, 87056141755 немесе "102" байланыс нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel