RU
Атырау облысында батыр ана бірден үш ұлды дүниеге әкелді (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Атырау облысында батыр ана бірден үш ұлды дүниеге әкелді (фото)

Рассказать Вконтакте

Атырау үшем дүниеге келді. Үш бірдей ұлды дүниеге әкелген Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылының тұрғыны Ардақ Жұмағалиева деп хабарлайды atr.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: atr.kz

Фото: atr.kz

Сәбилер мамырдың 22-сі күні облыстық перинатальдық орталығында өмір есігін ашқан. Ал олардың өмірін ота арқылы хирург Қуаныш Нысанбаев сақтап қалған.

Салмақтары екі келі 490 грамнан бастап, екіншісі – екі келі 685 грамм, үшіншісі – үш келі тұратын шараналардың жағдайлары жақсы.

Бірден жеті баланың ата-анасы атанған Ардақ Жұмағалиева мен Уәли Айдарбековтің ендігі бас қатыратын мәселесі – баспана. Себебі көпбала отбасы осыдан он жыл бұрын яғни, 2008 жылы үй кезегіне арыз беріп қойса да, одан әлі хабар жоқ.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
3
2
10
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір